«Барыстың» бас менеджері тағайындалды
Фото: hcbarys.kz
Фото: hcbarys.kz
04.08.2023 07:39
918
Олег Болякин ресми түрде «Барыстың» бас менеджері қызметіне кірісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағы бар маман Қазақстан жастар құрамасын элиталық дивизионға шығаруымен және ондағы орнын сақтап қалуына атсалысуымен танымал.
Сонымен қатар Олег Владимировичтің клубтарда қызмет етуде де мол тәжірибесі бар. Бұған дейін ол павлодарлық «Ертістің», бапкердің қол астында чемпион атанған қарағандылық «Сарыарқаның», өскемендік «Торпедоның», «Алматы» мен ангарлық «Ермактың» бас бапкері болған. Өткен маусымда Болякин атыраулық «Бейбарыстың» бапкерлер құрамында болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде көтерме сауда көлемі 17, 6 трлн теңгені құрады
Келесі жаңалық
Жетісу облысында аудан-қалалардың мәдениет күндері аяқталды