«Барыстың» алдағы маусымға дайындық жоспары жарияланды
16.06.2023 17:01
Фото:
"Барыс" ХК
«Барыстың» алдағы маусымға дайындық жоспары белгілі болды. Команда демалыстан 16 шілдеде шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі күн бойы ойыншылар медициналық тексерістен өтеді. 19 шілде күні тестілер тапсыру жоспарланған, одан кейін Астанада оқу-жаттығу жиындарының бірінші кезеңі басталады (20 шілде – 8 тамыз).
10-14 тамыз аралығында «Барыс» Қазанда өтетін «TANECO Кубогына» қатысады.
20-25 тамыз күндері команда Омбыдағы турнирде бақ сынайды.
Биыл қатысушылар саны аз болғандықтан, маусым алдында дәстүрлі түрде өтетін «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» турнирі өтпейді.
28-31 тамыз аралығында елордада оқу-жаттығу жиындарының соңғы кезеңі болады.
ҚХЛ жаңа маусымы 1 қыркүйекте басталады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

