Жаңалықтар

«Барыс» өз айдынында жеңілді

«Барыс» өз айдынында жеңілді
Фото: hcbarys.kz 08.11.2024 03:35 682

ҚХЛ аясында Астананың «Барысы» өз айдынында «Автомобилист» клубын қабылдап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Елордалық команда ҚХЛ-ның биылғы маусымында 23 ойын өткізіп, оның 19-ында жеңілді.

Бұл матчта есепті бірінші болып астаналықтар ашқан еді. Алғашқы кезең аяқталар тұста Сетдиков Савицкидің пасын ұтымды пайдаланып, «Автомобилист» қақпасын дәл көздеді. Екінші кезеңде де «Барыс» басымдықты өз қолына алып, осы есепті ұстап қалған. Алайда Екатеринбургтен келген команда шешуші үшінші кезеңде қатарынан үш шайба соғып, маңызды ұпайын еншілеп кетті.

Небәрі 14 ұпай жинаған «Барыс» турнир кестесінің соңғы 12-сатысынан 11-сатысына көтерілген болатын. Команданың плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі жоқ деуге болады.

11 қарашада Мәмбетәлиев шәкірттері «Нефтехимикке» қонаққа барады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға