Астанадағы «Барыс-Аренада» өткен ҚХЛ-ның тұрақты чемпионаты аясындағы кездесуде елордалық «Барыс» мәскеулік «Динамоны» 5:2 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Астана командасының сапынан Аңсар Шайхмедденов, Вячеслав Колесников, Әлихан Өмірбеков көзге түссе, Майк Веккионе дубль авторы атанды. Ал қонақтардан Макс Комтуа мен Никита Гусев бір-бір шайбадан соқты.
Бұл жеңіс «Барыстың» маусымдағы үшінші жетістігі болды. Бұған дейін астаналықтар «Тракторды» (4:3 ОТ) және «Амурды» (4:3 Б) ұтқан еді. Тек минскілік «Динамодан» (1:3) жеңіліс тапқан. Ал Мәскеудің «Динамосы», керісінше, осы маусымдағы үшінші жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін олар ЦСКА-ға (2:6), «Сочиге» (2:3 Б) және «Авангардқа» (4:7) есе жіберген. Команда тек «Металлургті» (2:1 Б) тізе бүктірген болатын.
Келесі ойында «Барыс» сырт айдында Қазанның «Ак Барсымен» кездеседі.

