"Барыс" - көшбасшы!
18.10.2022 23:51
Фото:
smotrim.ru
Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өз дивизионының көшбасшысы атанды, деп хабарлайды EL.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта «Барыс» Чернышев дивизионында 23 ұпаймен бірінші орында тұр. Уфалық «Салават Юлаевтың» да ұпайы сондай, бірақ ол қосымша көрсеткіштер бойынша төмен орналасқан. Үшінші орында – 22 ұпаймен Новосибирскінің «Сибирі».
«Барыс» ҚХЛ матчында қатарынан үш жеңіске жетті: өз алаңында Владивостоктың «Адмиралын» (3:1), Хабаровскінің «Амурын» (5:1) және Нижгородтың «Торпедосын» (4:1) ұтты.
21 қазанда «Барыс» өз алаңындағы финалдық ойынын Магнитогорскінің «Металлург» командасына қарсы өткізеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

