Өз алаңында Новосібірдің "Сибирь" командасын қарсы алған астаналық"Барысы" Құрлықтық хоккей лигасының матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz.
Бірінші кезеңде "Барыс" командасының шабылушысы Джереми Бракко есеп ашты.
Тартысты ойынның 2-ші кезең оңай болған жоқ. Камандалар 1-1 есебімен тең түсті.
Үшінші кезең "Барыс" командасы үшін сәтті бастылды. Команда капитаны Линден Вейдің дәл соққысы алаң иелерін тағы да алға шығарды. Ойынның аяқталуына санаулы секунттар қалғанда Кирилл Савицкий қарсыластың қақпасына 3-ші шайбаны салып, "Барыс" командасын 3-1 есебімен жеңіске жеткізді.
Елордадағы "Барыс арена" спорт кешенінде өткен ойынды тамашалауға 6000-ға жуық жанкүйер жиналды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Иман Хелифтің ағзасынан ерлердің хромосомалары анықталды