«Барыс» хоккейшісі ҚХЛ-да ең көп жалақы алатын қақпашы атанды
04.08.2023 16:30
Фото:
instagram.com/eddie.pasquale80
«Барыс» хоккейшісі Эдди Паскуале ҚХЛ-дағы ең жоғары жалақы алатын қақпашы деп танылды, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Елордалық қақпашы алдағы маусымда 65 миллион рубль (305,7 миллион теңге) табады. Екінші орында канадалық «Кунлун Ред Стар» қақпашысы Джереми Смит тұр, жалақысы – 55 миллион рубль. Үшінші орынды «Автомобилист» қақпашысы Евгений Аликин (52 миллион рубль) еншіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Эдди Паскуале осы маусымаралық кезеңде Астана клубына оралды. Өткен маусымды 32 жастағы хоккейші «Металлургте» өткізді.
ҚХЛ тұрақты чемпионатында ол 50 матч өткізді, онда ол 23 жеңіске жетті, сенімділік коэффициенті — 2.25, соққы жасау көрсеткіші — 92.7. Плей-офф кезеңінде оның есебінде 10 матч пен 4 жеңіс бар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

