Бартоғай және Күрті су қоймаларындағы су шығындарына жол бермеу жұмыстары басталды
Бартоғай және Күрті су қоймаларындағы су шығындарын болдырмау жұмыстары оң әсерін берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналына қарасты аумақта вегетация жұмыстары тұрақты жүріп жатыр. Ең алдымен бұл жағдайға вегетация кезеңіне дейін қажетті көлемді толтыру мақсатында Бартоғай және Күрті су қоймаларының жұмыс режимін сақтау жұмыстары әсерін тигізді.
Сондай-ақ, вегетациялық кезеңге дейін негізгі су шаруашылығы объектілеріне су шығындарын болдырмау үшін жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 253,4 м3 аумақ бетондалса, су шығынын азайтуға ықпал ететін 43,5 шақырым арнаға механикаландырылған тазарту жұмыстары атқарылған.
Алайда, мамыр айындағы төмен температураға байланысты Бартоғай су қоймасындағы ағын күші азайып, 30 м3/сек-тен жоғары көтерілмеген көрінеді.