Жаңалықтар

Барлық ауыл медициналық инфрақұрылыммен қамтылады – Ажар Ғиният

Жаңа объектілерді салу нәтижесінде шамамен 1 млн ауыл халқы алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қосымша қамтылады
Барлық ауыл медициналық инфрақұрылыммен қамтылады – Ажар Ғиният
Фото: egemen.kz 09.09.2022 15:40 2205

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі  «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында айрықша тоқталған «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын жүзеге асыру шаралары жөнінде мәлім етті, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен,  Ұлттық жобаны жүзеге асыру аясында таяудағы екі жыл ішінде шалғайдағы елді мекендерді қоса алғанда барлық ауылды медициналық инфрақұрылыммен қамту, аудандық ауруханаларды көпбейінді медициналық мекемелер деңгейіне дейін жаңғырту, арнаулы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру, ауыл халқын скринингпен қамту, ауылдағы медициналық ұйымдар базасында дәріхана пункттерін ашу, кадр мәселесі және ауылдағы медициналық көмекті дамытуға бағытталған басқа да мәселелерді шешу қарастырылған.

«Ұлттық жүзеге асыру екі жыл ішінде барлық ауылды медициналық медициналық инфрақұрылыммен қамтамыз етуге мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді министр ОКҚ брифингінде.  

ҚР ауылдарында 655 МСАК объектісі салынады. Жаңа объектілерді салу нәтижесінде шамамен 1 млн ауыл халқы алғашқы медициналық-санитарлық көмекпен қосымша қамтылады.

Сондай-ақ Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде көп бейінді орталық аудандық ауруханаларды жаңарту жұмысы жүргізілетін болады. Барлығы 32 көпбейінді орталық аудандық аурухананы ұйымдастыру жоспарланып отыр, оның ішінде қолданыстағы 12 нысанды жаңартылад және жаңадан  20 аурухана салынады.

Бұл ретте көпбейінді орталық аудандық ауруханаларда қазіргі заманғы медициналық жабдықтары бар кардиологиялық және инсульт орталықтарын, медициналық оңалту, травматология, хирургия, реанимация және қарқынды терапия, триаж жүйесі бар қабылдау бөлмелерін ұйымдастыру қарастырылған. Мәселен, аурханалар КТ, МРТ, ангиографтармен, сараптамалық кластағы Ультра дыбыстық зерттеу, эндоскопиялық, реанимациялық жабдықтармен  т.б. қамтамасыз етіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға