Жаңалықтар

«Бәрімізден кінә бар». Бокс федерациясының президенті мәлімдеме жасады

«Бәрімізден кінә бар». Бокс федерациясының президенті мәлімдеме жасады
Фото: Қазақстан бокс федерациясы 09.08.2024 17:21 696

ҚР Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Парижде тілшілерге берген сұхбатында Қазақстанның бокс саласына реформа қажет екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өзімізден жауапкершілікті алып, ақталатын жайымыз жоқ. Бәрімізден кінә бар. Федерация тарапынан да, жаттықтырушылар тарапынан да ағаттық кетті. Енді жіберген қателіктермен жұмыс істеп, нәтиже шығару қажет. Қазір біз шешімге келдік, қазақ боксына реформа жүргізіледі, - деді Шахмұрат Мүтәліп.

Айта кетейік, қазақстандық былғары қолғап шеберлері алтын медальді соңғы рет Рио олимпидасында еншіледі. Париж жерінде ерлер құрамасынан Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанса, әйелдер құрамасынан Назым Қызайбай қола жүлдені қанағат тұтты.

Шахмұрат Мүтәліп федерация тізгінін биыл ақпан айында ұстаған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға