Жаңалықтар

Бәрі заң шеңберінде шешіледі: Тұрлыханов ұлына қатысты жайтқа пікір білдірді

Бәрі заң шеңберінде шешіледі: Тұрлыханов ұлына қатысты жайтқа пікір білдірді
Фото: instagram.com/daulet_bolatuly_turlykhanov 05.07.2023 09:14 1076

Танымал балуан, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлына қатысты хабарларға байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Мәжілісмен бес айдан бері талқыланып жатқан бұл жайтты қоғамдық ортаға қайта-қайта сала берудің жөні жоқ деп есептейді.

Ұлының тым жа екендігін айтып, оған психологиялық қысым жоғары болып кеткеніне аалаңдаулы.

Менің ойымша, бұл мәселені осы жерден доғарғанымыз дұрыс.
Осы ақпараттар менің ұлыма үлкен психологиялық ауыртпалық түсіріп жүргенін сеземін. Ол әлі жап-жас жігіт. Оның жасағаны дизертирлік емес, былайша айтқанда, балалыққа салынып «самоволкаға» шығып кеткені, - деді Тұрлыханов.

Депутат соңғы кездері ұлының психологиялық жағдайына алаңдап жүргенін алға тартты. Мұның соңы ауыр жағдайға душар ете ме деп алаңдайды.

Мен ұлымның Қазақстан Қарулы күштерінің сапында жауынгер болып жүргенін мақтан етемін. Ол жастықтың жалынымен қателік жасағаны түсінікті. Ғашық болып жүрген бала, сүйген қызы келген екен, соған шығып кеткен. Бұл енді жастық сезім, махаббат сезімі. Әрине, мен оны ақтамаймын. Қай ата-ана өзінің баласын жаман болсын дейді?!

Осы жағдайға байланысты ақпараттардан хабардар болып отырған баламның қазіргі психологиялық жағдайы мені қатты алаңдатады. Құдай сақтасын, осы жағдай баламның тағдырын тәлкекке салып, қандай да бір оқыс әрекетке баруына себеп болса, мен де өз тарапымнан қарап қалмаймын, қолданыстағы заң шеңберінде әрекет етемін, - деді ол.

Сөз соңында барлық мәселе заң шеңберінде шешілетінін есее салды.

Құрметті достар! Тағы да қайталап айтқым келеді, ұлыма қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бәрі заң шеңберінде шешілетін болады. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын, - деп қорытындылады ойын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға