Жаңалықтар

«Бәрі осылай аяқталғаны өкінішті». Сотта Нүкенова мен Бишімбаевтың хаттары оқылды

«Бәрі осылай аяқталғаны өкінішті». Сотта Нүкенова мен Бишімбаевтың хаттары оқылды
Фото: коллаж El.kz 23.04.2024 11:55 1563

Сот отырысында Нүкенова мен Бишімбаевтың бір-біріне жазған хаттары оқылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алқабилер осы хаттарға ерекше мән беруді сұрады. Хаттар 2023 жылдың 15-19 шілде аралығында жазылған.

Жарайды, екеуімізге бірге болу жазбапты. Қош бол, кек сақтамаймын, бірақ енді сені жақсы көрмеймін. Жүрегімнің жартысын жұлып, өшіріп тастаймын. Рухани жарымжан адамсың, – деп жазған Салтанат. 

Осыдан кейін Нүкенова Бишімбаевтың шалған қоңырауына жауап бермейді.

Мен үшін көп нәрсе істедің. Киімдерім мен әшекейлерімді жинап, бәрін сен бергеніңді түсініп отырмын. Бәрі үшін рақмет. Бәрі осылай аяқталғаны өкінішті, бір-бірімізді бағалай алмадық, - дейді Салтанат.

Мені де кешір, бәрі жақсы. Бәрі жақсы болады. Бір-бірімізге деген құрметті, достықты жоғалтпайық,- деп жауап береді Бишімбаев. 

Тағы бір хатында Салтанат онымен кездескенге дейін ештеңе болмағанын жазады. Одан кейін өз үйінде тыныштық тапқанын айтады.

Үйде сондай жақсы. Ақыры тыныштық таптым, – деп жазған Салтанат.

Осы кезде Бишімбаевтен аудиоқоңырау келген.

Сен Алматыда болған кезде осы жерде бола тұрайын. Қарсы емессің деп ойлаймын. Осы уақытта келіскеніміздей ойланып, дұрыс шешім қабылдайық. Бір апта айғай-шусыз демалып, тынышталғым келеді, - деп жазады Салтанат. 

Оған айыпталушы «жақсы» деп жауап қатқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға