The Celebs Fact/Flickr

Барак Обама үшінші рет «Эмми» сыйлығын алды

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама үшінші рет «Эмми» сыйлығына ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

64 жастағы саясаткер 76-шығармашылық өнер саласындағы марапаттау рәсімінде «Үздік баяндаушы» аталымында жеңімпаз атанды.

Бұл жолы марапат Netflix түсірген «Біздің мұхиттар» атты деректі сериалдағы Обаманың жұмысына берілді. Лос-Анджелесте өткен салтанатқа экс-президенттің өзі қатыспағандықтан, марапатты оның атынан жүргізуші Джордан Клеппер қабылдап алды.

«Біздің мұхиттар» жобасы дүниежүзілік мұхит әлемінен сыр шертеді. Обама Тынық мұхиттағы киттердің өмірі мен олардың көшу процесін, сондай-ақ Солтүстік мұзды мұхиттағы морждардың климаттың өзгеруіне бейімделуін жан-жақты баяндап берген.

Айта кетсек, Обама бұған дейін де екі рет «Эмми» иегері атанған: 2022 жылы – «Біздің ұлы ұлттық парктеріміз» сериалы үшін алса, 2023 жылы «Жұмыс: біз күні бойы немен айналысамыз?» жобасы үшін берілген.