Жаңалықтар

Бар мейіріміміз – балаларға

Астанада алғаш рет «Дәмді FEST» қайырымдылық фестивалі өтті
22.02.2016 08:54 14217

Сенбі күні елордада алғашқы «Дәмді FEST» қайырымдылық фестивалі өтті. Бұл – алғыс білдіруге бағытталған жалпыхалықтықтық мерекенің жаңа үлгісі.

Бар мейіріміміз – балаларға

Шара балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қатерлі дертке шалдыққан сәбилерге көмек беру мақсатында ұйымдастырылды. Фестиваль аясында жиналған қаржы түгелдей «Милосердие» қайырымдылық қорына аударылады.

Бар мейіріміміз – балаларға

Мерекеге келген қонақтарға Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдері өз салт-дәстүрлерін, мәдениеті мен ұлттық асханасын көрсетті. Сондай-ақ, фестивальде ересектер мен балаларға арналған тегін шығармашылық сабақтары, ойын-сауықтық бағдарламалар, ұлттық тағамдардың қайырымдылық жәрмеңкесі, эстрада әншілерінің концерттері өтті.

Бар мейіріміміз – балаларға

Жәрмеңкеде ұйғыр халқының ұлттық тағамдары: самбуз, самса, саңза, хошан, пөрә, гүлнан, гүлманты сатылды.

Бар мейіріміміз – балаларға

Шарада өзбек халқының ұлттық тағамы – палауға сұраныс жоғары болды. 

Бар мейіріміміз – балаларға

Түрік халқының тәтті тағамы – пахлава

Бар мейіріміміз – балаларға

Неміс асханасының өкілдері

Бар мейіріміміз – балаларға

Ұлттық тағамдар жәрмеңкесіне келушілердің саны көп болғаны соншалық, асханада бос орын болмады. 

Бар мейіріміміз – балаларға

Волонтер Динара Аристотелева фестивальге қойылған «Барыс» клубының киімдері «Барыс аренадағы» бағалардан әлдеқайда арзан екенін айтады.

Бар мейіріміміз – балаларға

Бұл киімдерді сатып алғандардың көпшілігі – "Барыс" хоккей клубының жанкүйерлері.

Бар мейіріміміз – балаларға

Этикет жөніндегі маман Светлана Заурбекова шара қонақтарын дастархан басында өзін-өзі ұстау әдебімен таныстырды. Ол қатысушыларға салаттан бастап, спагеттиге дейін қалай жеу керектігін үйретті. «Ең бастысы – маңызды кездесулерде пышақ не өзге құралдарды қалай қолдануды білмесеңіз де, өзіңізді сенімді түрде ұстаңыз! Сонда қолыңыздан қасық та, шанышқы да түспейді» дейді Светлана.

Бар мейіріміміз – балаларға

Ал, той визажисі Зарина Нұрмұхамедова қыздарға үйлену тойы алдында қалай боянған дұрыс екенін айтты. Маманның айтуынша, қыздардың жасанды кірпік, жасанды қастан мейлінше алыс болғаны жөн. Өйткені, қазір шынайылық – трендте.

Бар мейіріміміз – балаларға

Сондай-ақ, мамандар қатысушыларға қалыңдықтың шаш сәндеу үлгілерін таныстырды.

Бар мейіріміміз – балаларға

Дизайнер-флорист Диана Мұқанова өзінің шеберлік сағатында сәндік заттарды жасау жолдарын көрсетті.

Бар мейіріміміз – балаларға

Ал, фотографтар Евгения Горобец пен Елена Сорокина өздерінің шеберлік сағатына қатысушыларға тағамдарды суретке қалай түсіру керектігін үйретті.

Бар мейіріміміз – балаларға

– Бөлменің жарығын сөндіріп, тағамды терезеге жақын жерге қойыңыз. Тағамның артындағы түстердің үйлесімділігіне көбірек мән беріңіз. Сондай-ақ, асты түрлі-түсті ыдысқа салудан қашыңыз. Ыдыс мейлінше біркелкі түсті болғаны дұрыс. Тағы бір ескерерлік нәрсе, қазаннан енді ғана түскен тамақтың суреті әлдеқайда сәтті шығады. Жалпы, food-түсірілімдегі ең басты нәрсе – сіз түсірген тамақтың суретін көрген адам оны жеп қойғысы келетіндей болуы қажет, – дейді фотографтар.

Бар мейіріміміз – балаларға

Аспаздар Махаббат Нұрқанова мен Әлия Нүсіпбекова қонақтарға жарты сағат ішінде 3 нәрседен қалай түскі ас әзірлеуге болатындығын көрсетті.

Бар мейіріміміз – балаларға

Әмір Дәулетов қатысушыларға дұрыс тамақтану ережелерін түсіндірді. Оның айтуынша, мөлшерден тыс жеген нәрсенің бәрі ағзаға зиянын тигізеді. Мысалы, 1-2 алма жеу пайдалы, ал, 1 келі алма қандағы фруктозаны көбейтіп жібереді. «Денсаулықты күтуді шындап қолға алған болсаңыз, күн сайын кешке тойға баруды азайтқан жөн. Себебі, тойда майлы тамаққа тыңқиып тойып алғаннан ағзаға ешқандай пайда келмейді» дейді Әмір.

Сондай-ақ, шеберлік сағаты барысында мынадай қызықты дерек айтылды. Испанияда тұратын Илья Ильиннің жанкүйері ғаламтор арқылы оның сүзбе жейтінін біліп алыпты. Содан кейін ол да сүзбені үзбей жей бастаған. Ауыр атлетикамен айналысатын жанкүйер өзінің Илья Ильинге ұқсап, керемет жетістіктерге жетуіне сүзбенің де септігі тиеріне кәміл сенеді екен.

Бар мейіріміміз – балаларға

Қонақтар дән риза. 

Бар мейіріміміз – балаларға

Кішкентай бүлдіршін "Мультфильмдер әлемінде" суретке түсіп отыр. 

Бар мейіріміміз – балаларға

Қатысушылар кофеден панно жасау үстінде.

Бар мейіріміміз – балаларға

Бейнелеу өнеріне арналған шеберлік сағатына қатысушылар көктемнің суретін салды. 

Бар мейіріміміз – балаларға

Мерекеде балаларға тегін тамақ таратылды.

Бар мейіріміміз – балаларға

Барыс бейнесіндегі өнерпаз қақпаға тұрып, балдырғандармен бірге ойнады. 

Бар мейіріміміз – балаларға

Қақпаға қайта-қайта шайба соғып, айласын асырған балалар мәз болды. 

Бар мейіріміміз – балаларға

Қонақтар ән тыңдап тұр. 

Бар мейіріміміз – балаларға

Еркін Дәуешұлы мен Хамила Құлбекқызы, фестиваль қонақтары:

– Бізді мұнда екі баламыз ертіп келді. «Осындай өзгеше сипаттағы мереке өтеді» дегенді естіп, үйде тыныш отыра алмадық. Қайырымдылық шарасына титімдей болса да өз үлесімізді қосқалы келдік. Әртүрлі ұлт өкілдерінің дастарханынан дәм таттық. Одан соң, дұрыс тамақтануға қатысты пайдалы кеңестерді тыңдадық. Жасымыз қазір біразға келді, бізге уақытылы тамақтану қажет. Шеберлік сағатында көкейімізде жүрген көп сауалға жауап алдық. 

Бар мейіріміміз – балаларға

Саида Қожабекова, фестивальді ұйымдастырған «Royal Catering» компаниясының пиар-менеджері:

Кештің басты қонағы ретінде көрерменге «Кухня» сериалы арқылы жақсы таныс Дмитрий Назаров келді. Ол қонақтарға түрлі тамақтардан дәм татқызып, қызықты ойындар өткізді. Ал, кешкі аукционда бағалы өнер туындылары сатылды. Жиналған қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Алғаш рет өткізген фестиваліміз көпшілікке ұнағанына қуаныштымыз. Енді осы игі шараны жыл сайын ұйымдастырсақ деген ниетіміз бар. 

Бар мейіріміміз – балаларға

Фестивальдің барлық суреттерін мына жерден қарай аласыздар!


Роза ӘРЕН

Суреттер авторға тиесілі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға