Бақытжан Сағынтаев келер жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияны басқарады
26.12.2023 07:25
Фото:
© El.kz
Бақытжан Сағынтаев жаңа жылдан бастап Еуразиялық экономикалық комиссияның жаңа басшысы болады. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин ЕАЭО Жоғарғы кеңесінде атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
2024 жылдың 1 ақпанынан бастап алқа басшысы лауазымына кірісетін Сағынтаев мырзаны құттықтаймын. Біз оны өте жақсы білеміз, ол бұған дейін ЕЭК мүшесі болып жұмыс істеді. Сондықтан өзінің жаңа міндетіне жігерлене кірісетініне сенімдімін. Ол сондай-ақ Қазақстан президентінің әкімшілігінде істеді, үкімет төрағасы, Қазақстанның премьер-министрі болды, - деді Ресей президенті.
Өткен жылы Сағынтаев Қазақстан Республикасы атынан Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты министрі болып тағайындалды. Шешім ЕАЭО саммитінде қабылданды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

