Жаңалықтар

Бақытжан Базарбек екі әкімді қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеді

Бақытжан Базарбек екі әкімді қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етеді
Фото: Мәжіліс 27.06.2024 17:50 1395

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жер мәселесіне арналған кеңейтілген отырыста Батыс Қазақстан мен Атырау облысының әкімдерін қылмыстық жауапкершілікке тартуға талап ететінін жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат Бақытжан Базарбек отырыста онлайн платформа арқылы сұрақ қойған кәсіпкерлердің жер мәселесіне қатысты сұрағына жауап берді.

Бізде жер кодексінің 48 бабы бар. 2017 жылдың 29 қарашасында жер мәселесіне қатысты Үкіметтің бекітілген қаулысы да бар. Бізде инвестициялық жобаларды аукционсыз беру жағдайлары болған. Дегенмен инвестициялық жобаларды инвестициялық құжат ретінде қабылдау, есептеу дұрыс емес. Жер уческелері белгілі бір жер комиссиясының рұқсаттамасының қорытындысында инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қолданылуы керек. Сонда ғана жердің меншікті иесі комиссиондық жобаларға ақша құя алады.  Егер пазл қалыптаспаса онда ол инвестициялық жоба болып саналмайды. Біз қазір Қазақстан бойынша бірқатар қаулыға өзгеріс енгізіп жатырмыз, - деді мәжілісмен.

Бақытжан Базарбек бүгінде 11 млн гектар жер Үкіметке қайтарылғанын атап өтті.

Қазір 2 облыста жерге байланысты бекітілген қаулыны өзгертуді жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысының және Атырау облысының әкімдері жұмыс істеп тұрған тұста болған. Мен оларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететін боламын. Дегенмен сұрақ мұнда емес, басқада. Айтсақ, Батыс Қазақстан облысында 3 млн гектарға жуық ауыл шаруашылығына арналған жер аукционсыз жекеге берілген, - деді депутат.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға