Жаңалықтар

Бақытқожа Ізмұхамбетов отандық кәсіпкерлердің өнімін қорғау туралы сауал жолдады

Бақытқожа Ізмұхамбетов отандық кәсіпкерлердің өнімін қорғау туралы сауал жолдады
Фото: facebook.com/Бақтықожа Ізмұхамбетов 05.04.2023 12:51 1275

Депутаттық сауалда өндіріс кешендері сұраныстың төмендігінен қаржылық қиындық көріп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ол мәжіліс отырысында мал жүнінен сапалы жамылғыларды дайындайтын отандық кәсіпкерлердің өнімін қорғауға қатысты сауалды көтерді.

Сонымен қатар мысал ретінде Атырауда Италия технологиясымен жылына 300 тонна қойдың, 100 тонна түйенің жүнін тазалап, бояп, иіріп дүниежүзілік стандартқа сәйкес жамылғы (одеяло) шығаратын өндіріс кешені сұраныстың төмендігінен қаржылық қиындық көретіндігін айтты.

"Теміржол, балабақша, аурухана, мектеп интернаттары, демалыс орындары бағасы әлдеқайда төмен синтетикалық жамылғылар сатып алуда. Ол жамылғылар шетелдерден келеді", деді Бақытқожа Ізмұхамбетов.

Депутат бұл жерде коррупциялық қызығушылық та құр емес екендігін айтты.

"Партия бағдарламасында мемлекеттік сатып алу кезінде айқындаушы көрсеткіш баға ғана емес, оның сапасы да болуы керек екені айтылған. Сатып алу шартында экологиялық табиғи материалдан жасалған жамылғы болуы керек екені көрсетілсе, отандық тауар өндірушілердің өнімдеріне сұраныс артқан болар еді",- деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға