24 Желтоқсан 2025, 17:00
Бақыт Тұрман кімнен кешірім сұрады? | Әншілерге атақты қалай беру керек?
Әнші, Жүсіпбек Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжінің оқытушысы, әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жары Бақыт Тұрман El-Women бағдарламасына сұхбат берді.
Әңгіме барысында ол фонограммаға қарсы заңның маңызын атап өтіп, сахнадағы адалдық пен кәсіби жауапкершілікке тоқталды. Сондай-ақ әншілер арасындағы атаққа талас, оның өнерге тигізер әсері туралы өз көзқарасын білдірді.
Бақыт Тұрман отбасылық өмір жайында да ашық айтып, өнер мен отбасы арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың қыр-сырымен бөлісті.