KFF.KZ

Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құрамаға көмектесе алмайды

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов қараша айында өтетін матчтарға шақырту алмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мәскеулік «Динамода» өнер көрсететін отандасымыз Солтүстік Македонияға қарсы өткен кездесуде алған сары қағаз бен клубтық деңгейдегі жарақатына байланысты Бельгия және Фарер аралдарына қарсы ойындарға қатыса алмайды.

Айта кетейік, Зайнутдинов Ресей Премьер-лигасының 12-турында «Ахматқа» қарсы кездесуде кездесуде жарақат алған болатын.