Жаңалықтар

Бақсы мен көріпкел қызметіне жүгінгендер жазаланып жатыр

Бақсы мен көріпкел қызметіне жүгінгендер жазаланып жатыр
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 28.08.2024 18:40 659

Тәжікстан ІІМ көріпкелдер мен бақсылардың көмегіне жүгінетін азаматтарға қатысты шаралар қабылдайтын болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі жедел-профилактикалық тексерулер нәтижесінде «сиқырға сенетін және көріпкелдер мен бақсыға жүгінетін» азаматтар анықталғанын хабарлады.

Жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде көріпкелдер мен бақсыларға жүгінгендер олардың қызметтеріне ақы төлеп, сол қызметті дамытатыны анықталды. Бұл қызметке жүгінген барлық тұлға Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарына шақырылып, оларға қатысты тиісті хаттамалар толтырылып, олардың деректері мен фотосуреттері департаменттің дерекқорына енгізіледі, - делінген ІІМ хабарламасында.

Бұған дейін Тәжікстандағы бақсылар мен көріпкелдер мәжбүрлі жұмысқа алты айға  жіберілетіні туралы хабарланған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға