Жаңалықтар

Бақдәулет Әкімжан еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бақдәулет Әкімжан еркін күрестен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Фото: olympic.kz 25.08.2024 02:26 415

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық балуан үздіктер қатарына енді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті мәлімдеді.

Еркін күрестен 65 келі салмақта сынға түскен Бақдәулет кіші финалда грузиялық балуаннан басым түсті.

Бұл - аталған сында еркін күрес шеберлері жеңіп алған алғашқы жүлде.

Грек-рим күресінің өкілдері 2 күміс, әйелдер күресінің өкілдері 3 қола медаль еншілеген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға