БАҚ: Евгений Петросян ауруханаға түсті
Фото: Instagram/petrosyanevgeny
Фото: Instagram/petrosyanevgeny
01.05.2023 23:30
803
Ресейдің әзілкеші Евгений Петросян ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Mash Telegram арнасының ақпаратына сәйкес, Хамовникидегі пәтерінде әртістің басы айналып, өзін нашар сезінген. Сонан соң оның әйелі жедел жәрдем шақырған.
Шақыртуға келген дәрігерлер әзілкешті ауруханаға жеткізген.
Қазір дәл диагноз қою үшін 77 жастағы Петросян тексеріліп жатыр, - дейді арна авторлары.
Дегенмен көп ұзамай өнер иесінің өзі жағдайы жақсы екенін, уайымға еш себеп жоқтығын айтты.
2019 жылы Петросян өзінің жас көмекшісіне үйленді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық теннисшілер әлем чемпионатына жолдама алды