Банктер несиені клиенттің ресми табысын ескеріп беруге міндеттелмек – Ұлттық банк
08.11.2023 11:40
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Қазақстанда несие беру тәртібі қатаңдатылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық банкке сілтеме жасап.
Бұл елімізде несие көлемін азайту үшін жасалып отырған қадам. Ұлттық банк ол үшін заңға қандай өзгерістер әзірленіп жатқанын айтты. Ең алдымен несие алушының табысына қатысты талап күшейтілмек.
Банктер қазіргідей қарызды оңды-солды бере бермейді. Клиенттің ресми табысын ескеріп беруге міндеттелмек. Бұл адамдарға артық қарыз беруді шектейді дегенді алға тартады мамандар. Сондай-ақ сарбаздарға несие беруге тыйым салынбақ.
Әрі банктер мен микроқаржылық ұйымдар бұдан былай қарызды өндіру бойынша коллекторлық компанияларға жүгіне алмауы мүмкін.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

