Жаңалықтар

Банкроттыққа өтініш бергендер саны 20 мыңнан асты

Банкроттыққа өтініш бергендер саны 20 мыңнан асты
Фото: rostov.rbc.ru 15.03.2023 12:37 1746

Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша соттан тыс рәсімі арқылы берілген өтініштер 2023 жылғы 15 наурыз сағат 12:00-дегі мәлімет бойынша 20 мыңнан асқан, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР ҚМ баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес алдын ала жүргізілген тексеру, жекелеген азаматтардың келесі себептермен банкроттықты қолдана алмайтындығын көрсетті: 

- 12 ай ішінде қарыз ішінара өтелгені; 

- борышкердің немесе зайыбының мүлкі болуы; 

- банкпен не Микроқаржы ұйымдарымен реттеу рәсімін жүргізуі туралы құжаттың болмауы; 

- дара кәсіпкер ретінде тіркелгендігі; 

- атаулы әлеуметтік көмекті 6 айда аз мерзімде алуы. 

Ол азаматтардың телефонына 1414 қызметі арқылы соттан тыс банкроттық рәсімін қолданудан бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Егер мұндай хабарлама алынған болса, соттан тыс банкроттыққа қойылған өлшемдерге сәйкес келсе 3 айдан кейін қайта өтінішпен жүгінуге болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға