Банкрот болған жеке тұлғаның портреті қандай?
EL.KZ Информационно-познавательный портал
13.10.2023 12:15
Фото:
gov.kz
Мемлекеттік кірістер комитеті статистикалық мәліметтердің негізінде банкрот болған жеке тұлғаның портретін жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы уақытқа дейін 5 мыңдай қазақстандық банкрот деп танылды. Барлығы бес жылдан астам уақыт берешегін төлемеген. Олардың ішінде 58 проценті – ер адам, 42 пайызыі – әйел.
Банкрот деп танылған тұлғалардың орташа жасы 36-дан 45 жасқа дейін. Олар жалпы банкроттардың 35%-ды құрайды. Ең жасы - 19 жаста, қарты – 76 жаста. Азаматтардың бұл санатының тұрақты жұмысы жоқ, демек өз берешегін өтеуге қаражаты болмаған, - делінген комитеттің хабарламасында
Қазіргі таңда 6,2 мыңға жуық соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш қабылданды. Соның басым бөлігі – 58 пайызы ер адамдардан түскен. Қалған 42 пайызы- әйелдер.
Қазіргі кезде комитет қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп қарыз алу талаптарын қатаңдатуды жоспарлап отыр, соның ішінде мерзімі 90 күннен асып кеткен қарызы барларға кредит алуға тыйым салынады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

