Жаңалықтар

Банкке жасалған шабуыл бойынша іс сотқа жетті

Банкке жасалған шабуыл бойынша іс сотқа жетті
Фото: © El.kz 23.08.2023 20:05 951

Биыл маусымда қаруланған азамат елордадағы Kaspi Bank ғимаратында адамдарды кепілге алып, қаланы дүрліктіргені белгілі. Осы оқиға бойынша іс сот қарауына жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына келіп түсті. Қаралатын күні әзірге белгісіз, - делінген қалалық соттың баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, биыл 18 маусымда қаруланған ер адам елордадағы Kaspi банк ғимаратында бірнеше кісіні тұтқында ұстап отырды.

Араға уақыт салып аталған банктің баспасөз қызметі ғимаратта клиенттердің жоқтығын және полиция қызметкерлерінің күдіктімен келіссөз жүргізіп жатқанын айтты.

Оқиға орнына Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов барып, күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын мәлім етті.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері кепілдегі азаматтарды босатты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға