Жаңалықтар

Банк және несие туралы 10 қызықты дерек

Несие тарихы
10.03.2016 09:16 15406

 Алғаш рет ақша біздің эрамызға дейін бірнеше ғасыр бұрын пайда болды. Солу уақытта-ақ ақшалай қаржыны белгілі бір өсіммен беретін кредиторлар пайда болды. Кейінірек тұңғыш банк ашылды. Банк өз тұтынушыларына несие беріп қана қоймай жинақтау депозитін ашуды ұсынды. Банк саласының даму тарихында несие  туралы не бір қызықты оқиғалар орын алып, банктер туралы қызықты деректер пайда болды.

 Банк және несие туралы 10 қызықты дерек

Банк және несие туралы 10 қызықты дерек

Несие беру деген ұғым банктен бұрын пайда болды. Алғашқы банктер 16 ғасырда пайда болды. Әлемдегі тұңғыш банк 1580 жылы ресми түрде Венецияда ашылды. Одан кейін 1608 жылы Нидерландта ашылса, 1694 жылы тұңғыш банк ұйымы Ұлыбританияда өз жұмысын бастады.

 Банк және несие туралы 10 қызықты дерек

Алғаш несие беру жөніндегі мақұлдау құжатын археологтар ежелгі Египет пен Вавилон жерінен тапты. Қазба жұмыстары VIII ғасырда-ақ ақшаны несиеге өсіммен беретін қаржыгерлер болғанын растап берген. Сондай-ақ архелогтар hudu деп аталған замануи құнды қағаздың аналогын тапқан екен.

Банк және несие туралы 10 қызықты дерек

Банк және несие туралы 10 қызықты дерек 

Несие туралы қызық енді басталады. Вавилон патшасы Хаммурапидің заңы ең әділ және дана заң деп есептелді. Оның жарлығы бойынша несие алған тұтынушы қарызын уақытында қайтара алмаса өтемі ретінде өз балаларын құлдыққа берген екен.

 Банк және несие туралы 10 қызықты дерек

Швейцария тарихында да банк туралы бірқатар қызықты деректер кездестіруге болады. Бүгінгі таңда бұл елде жалпы шоты 52 триллион долларды құрайтын 450-ден астам коммерциялық банк сәтті жұмыс жасап отырғанына қарамастан, тұңғыш шведтік банк тек 19 ғасырда ашылыпты. Осындай қысқа мерзімде аталмыш елдің қаржы саласындағы жетістігі өте жақсы дамығындығы айтпаса да түсінікті.

Банк және несие туралы 10 қызықты дерек

 Банк және несие туралы 10 қызықты дерек

Әлемдегі ең көрікті елдердің бірі саналатын Швейцарияның несие тарихында қызықты деректер көп. Мәселен, бірнеше жыл бұрын банктердің бірінде болған ревизияда кенеттен Владимир Ильич Лениннің атында шот бар екені анықталған. Шотта 13 жарым франк жатқан.

 Банк және несие туралы 10 қызықты дерек

Александр III есімді Рим Папасының жарлығы күтпеген жаңалық болды. 1179 жылы ол барлық банкирлерді церковьтен аластатты. Діни өкілдің шешімі бойынша банкирлерге ғибадат етуге тиым салынды. Оларды тіпті христиандық жолмен жерлеуге рұқсат етілмеді. Ең қызығы әлі күнге дейін осы заң өз күшінде.

Банк және несие туралы 10 қызықты дерек

Банк және несие туралы 10 қызықты дерек 

Сіздерге «ипотека» деген сөз таныс па? Ежелгі Греция елінде өмір сүрген несие беруші өзіне қарыздар адамдардың үйінің аумағына hypotheke (ипотека) деп жазылған тақтайша орнатқан екен. Бұл тақтайша несиені дұрыс қайтармаған жағдай да жер несие берушіге өтетінін аңғартса керек.

 Банк және несие туралы 10 қызықты дерек

Әлемдегі барлық банк ұйымдарында ерекше құпия тізім болады. Көп жағдайда осы тізімге әскери мамандар, судьялар, жекеменшік кәсіпкерлер, журналистер мен заңгерлер кіреді.

Банк және несие туралы 10 қызықты дерек

 Банк және несие туралы 10 қызықты дерек

Рим империясының тарихында несие туралы келесідей қызықты деректер кездеседі. Ежелгі Римде егер қарызгер несиесін қайтара алмаса қарызгерлерді отырғызатын орға қамаған. Бір айдың көлемінде оған несиесін жабуға ешкім көмектеспесе онда оны заң шеңберінде біржола құлдық қызметке алып кететін болған.

 Банк және несие туралы 10 қызықты дерек

Ұлыбританияның Сыртқы істер жөніндегі министрлігі шведтік банктерде ұлтшылдардың 4 миллиард доллар көлеміндегі байлығы жатқанын бірнеше рет ресми түрде жариялаған еді. Алайда сол уақыттан бері сол қаржы банктің еншісінде қалып отыр.


Мақаланы аударған Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға