©Pixabay.com

Бананды жуып жеу керек пе?

03.09.2025 02:24

Банан – көпшіліктің сүйікті жемістерінің бірі. Оны таңғы асқа жейді, балалардың ланчбоксына салып береді немесе түрлі десертке қосады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Көбіміз бананның қалың қабығы жемісті барлық зияннан қорғайды деп ойлаймыз. Алайда Роспотребнадзор мамандары олай емес екенін ескертті: бананды да алма мен алмұрт сияқты мұқият жуу қажет.

Неліктен жемістерді жуу керек?

Ведомство түсіндіргендей, қабық толыққанды қорғаныс емес. Банан плантациядан дүкен сөресіне дейін ұзақ жол жүреді, тасымалдау кезінде түрлі өңдеуден өтеді. Бұл процестердің барлығы қауіпсіздік талаптарына сай бола бермейді.

Сондықтан оның бетінде пестицидтер, химиялық заттар мен бактериялар қалып қоюы мүмкін. Мәселен, ішек таяқшасы (кишечная палочка) жеңіл асқазан бұзылуынан бастап ауыр инфекцияға дейін алып келуі ықтимал.

Ең қауіптісі – жуылмаған бананды кір қолмен аршу. Мұндай жағдайда қабықтағы микробтар бірден жемістің өзіне түсіп, ағзаға өтеді. Бұл әсіресе балалар мен иммунитеті әлсіз адамдар үшін қауіпті.

Не істеу керек?

Бананды аршудан бұрын міндетті түрде ағынды суда жуу қажет. Қабықты қолыңызбен немесе жұмсақ щеткамен ақырын ысқылаңыз, әсіресе қара дақтары бар жерлерін мұқият тазалаңыз. Содан кейін қағаз сүлгімен кептіріп немесе суын сорғызып барып қана аршып жеуге болады.

Бананның пайдасы

Бананның өзі нағыз дәруменге толы жеміс:

  • ас қорытуға жақсы әсер ететін клетчатка;
  • жүрек пен қан тамырлар үшін маңызды калий мен магний;
  • А, В6 және С дәрумендері, олар иммунитетті қолдайды;
  • жасушалардың қартаюын баяулататын марганец пен антиоксиданттар.

Тағы бір қызығы, бананда құрылымы серотонинге ұқсас заттар бар. Сол себепті оны жиі «табиғи антидепрессант» деп атайды: банан көңіл күйді көтеріп, күйзелісті азайтуға көмектеседі.