Жаңалықтар

Балықтар жаппай қырылады. Депутат Аралға тағы қауіп төніп тұрғанын айтты

Балықтар жаппай қырылады. Депутат Аралға тағы қауіп төніп тұрғанын айтты
Фото: t.me/mazhilis_kz 24.05.2023 11:27 844

Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов Үкіметке Арал теңізінің мәселесі жөнінде депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, Арал теңізінің тартылу жағжайы өңір халқын қатты алаңдатып отырған көрінеді. 

Соңғы 12 жыл ішінде теңіз көлемі 8,5 миллиард текше метірге азайған. Яғни, үштен бір бөлігінен айырылды. Суы қашқан теңіздің орнынан көтерілген тұздар бүкіл Орталық Азия елдеріне зиянын тигізетін экологиялық апатқа айналды. Нәтижесінде судың тұзы 8 ден 13 грамм литрге көбейген. Ал егер судың тұздылығы одан сайын көбейетін болса, балықтар жаппай қырылады, – деді ол.

 Сондай-ақ мәжілісмен 2020-2021 жылдар аралығында Арал ауданының аумағында қуаңшылық белең алып, 95 пайыз жайылымға шөп шықпай, жауын-шашын болмағанын айтты. 

Оның үстіне теңізге сырдария арқылы құятын су көлемі күрт азайып, Қамбаш, Ақшатау көлдер жүйесі мен кіші Арал теңізі жағалаудан 1,5 кмге тартылып кетті. Теңіздің тартылуы салдарынан 3 мыңға жуық балықшы күнделікті нәпақасынан айырылып, 9 балық өңдеу зауыты және 14 шағын цех уақытша тоқтап қалу қауіпі бар. Негізінде теңізге жыл сайын кемінде 3 миллиард текше метір су түсуі қажет, – деді мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға