Балықшылар құны 1,9 млн доллар болатын балықты теңізге жіберуге мәжбүр болған
13.07.2025 00:28
Фото:
Emilio Morenatti / AP
South China Morning Post басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Кореяда балықшылар 1300-ден астам Тынық мұхитының көк тунецін теңізге қайта жіберген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл балықтар скумбрия, кальмар және ұсақ көлемді басқа да теңіз өнімдерін аулауға арналған торларға кездейсоқ түсіп қалған. Әрбір тунецтің салмағы 100-150 килограммға, ал ұзындығы 1,5 метрге дейін жеткен. Ұсталған балықтардың жалпы нарықтық құны 1,9 миллион доллар деп бағаланған. Себебі ау салынған Ёндок уезінде көк тунецті аулауға арналған жылдық квота таусылып қалған.
Егер балықшылар бұл тунецтерді сатуға немесе жағалауға алып шығуға тырысса, олар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе 20 миллион вонға дейін айыппұл төлеуі мүмкін болған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

