Жаңалықтар

Балықшылар әулеті дәстүр бойынша дауыс беруге келді

Балықшылар әулеті дәстүр бойынша дауыс беруге келді
Фото: Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі 19.03.2023 19:24 1227

Алакөлдік балықшылар әулеті дауыс берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алакөл ауданы, Қамысқала ауылдық округінің тұрғындары Ариновтартар - балықшылар әулеті. Отағасы Мұхамедияр мен отанасы Қайынжамал Ариновтар бастап, балалары мен немерелері түгелдей балық шаруашылығымен айналысады. Балықшылар әулеті сайлауда өз учаскілеріне барып, азаматтық ұстанымдарын білдірді. 

Отбасы мүшелері осыған дейін 6 рет сайлауға қатысып, өз белсенділіктерін танытқан. Осы жолы да сол үрдістерін үлгі етті.

Президент Жолдауындағы саяси реформаларды қолдап, елімізде әділетті қоғам орнату үшін қабылданған шараларға ыстық ықыласын білдіре отырып: «Дауыс беру - әр адамның азаматтық борышы. Біз отбасымызбен сайлау учаскесіне барып, ел болашағы үшін дауыс бердік. Біз үшін сайлау – тұрақты дамудың кепілі. Сондықтан өз дауысымызды лайықты кандидаттар мен партияларға бердік», - дейді Ариновтар әулетінің мүшелері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға