Балықшы акуламен суретке түсемін деп ауруханадан бір-ақ шықты
23.08.2025 07:02
Фото:
©Pixabay.com
Флорида штатының тұрғыны Шон Маас лимон акуласымен селфи жасамақ болғанда жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Маас 2025 жылдың 20 тамызында достарымен туған күнін атап өту үшін теңізге балық аулауға шыққан. Олар акуланы қармаққа түсіріп, қайта теңізге жібере берген сәтте, ер адам суретке түсу үшін оның тұмсығынан ұстап қалады. People басылымының жазуынша, дәл сол сәтте жыртқыш бұлқынып шығып, балықшыны аяғынан тістеп алып, суға қайта сүңгіп кеткен.
Достары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қан кетуді тоқтатып, құтқарушыларды шақырған. Зардап шеккен адам тікұшақпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, оған күрделі операция жасалды.
Кейінірек Шон Маас:
Тірі қалғаным – жолымның болғаны, - деп мойындады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

