Биыл Балқаш көліне Іле өзені арқылы Қапшағай су қоймасынан 13,5 текше метр су жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің ақпаратынша, көлдің орташа су деңгейі Балтық жүйесімен 341,60 метрге жетті.
Балқаш көлінің 70%-ға жуық суы трансшекаралық Іле өзені арқылы қалыптасады. Биыл Қытаймен шекара маңындағы Добын гидробекеті бойынша орташа су ағыны секундына 384 текше метр болды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 17%-ға артық.
Еске салсақ, Каспий теңізіне жыл басынан бері Жайық өзені арқылы 16,7 миллиард текше метр су жіберілгенін жазған едік.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

