15.06.2023 жылы сағат 16.20-да «Kazakhmys Energy» ЖШС Балқаш ЖЭО-да НТҚ-10,5 кВ II секциясы өшірілген болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Kazakhmys компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, станция қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың тұтынушыларын резервтік қуатқа ауыстыру бойынша шаралар қабылдады. Ауыстыру 5 минуттан 10 минутқа дейінгі уақытқа созылды.
Қайта қосылудан кейін станция қызметкерлері Қазақстан Республикасының біртұтас энергетикалық жүйесі бар станцияның жұмысын қалпына келтіру үшін барлық шараларды қабылдады, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта Балқаш ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр, апат жойылып, жүктеме қалпына келтірілді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

