ҚР ТЖМ

Балқаш көлінде әйел суға батып кете жаздады

12.07.2025 23:47

Қарағанды облысының Приозерск қаласында Балқаш көлінде құтқарушылар 1995 жылы туған әйелге көмек көрсетті. Ол қатты ағыс салдарынан жағаға өз бетінше жүзе алмаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ТЖМ мәліметінше, әйел ағыс алып кеткен құтқару шеңберіне жетуге тырысқан, бірақ су ағынына қарсы тұра алмай, қалып қойған. Құтқарушылар дереу әрекет етіп, оны судан шығарып, жағаға жеткізді.

Қазіргі таңда жағдайы тұрақты. Оған медициналық тексеру мен қажетті көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді.