Жаңалықтар

«Балгерге сендім». Бишімбаев неліктен жедел-жәрдем шақырмағанын айтты

«Балгерге сендім». Бишімбаев неліктен жедел-жәрдем шақырмағанын айтты
Фото: ҚР Жоғарғы сот 03.04.2024 13:10 1260

Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенова жан тапсырған сәттегі оқиғаны баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Таңертең сағат 9.30-да Байжановқа қоңырау шалып, бізді үйге апаруын сұрадым. Ол Салтанатты жалаңаш көрмесін деп екі көрпе алдырдым. Ол көрпе әкелді, мен оны көтердім, үстіне жауып қойдым. Ол мойнын көтеріп, қолдарын, денесін қозғалтты. Байжанов кіргенде, ол орнынан тұрды, біз оны сүйреген жоқпыз, ол қорылдағанын қойды, оянғандай болды. Осылайша мен Салтанатты жатқыздым, біз ұйықтап қалдық. Сағат 13.30-да оянғанымда ол қорылдап жатты. Сол кезде бетінің сол жағында үлкен көгерген із бар екенін және мұрны ісіп кеткенін байқадым. Сол кезде уайымдап, таныс балгерге (көріпкел) қоңырау шалдым, оны оятуға тырысқанымызды айттым. Сондай-ақ оны оқып беруді сұрадым. Ол маған 10 минуттан кейін қайта қоңырау шал деді. Көріпкел "ол жай шаршаған, қатты мас. Кешке дейін ұйықтап, кешке үйге барасыңдар" деді. Менің жүрегім тынышталды, - деді Бишімбаев.

Ал кейіннен айыпталушы кездесуге кетіп, тамақтанып, Салтанаттың жағдайын тексеруге қайта барады. Сол кезде інісі Бақытжан Байжанға хабарласады.

Бақытжанның таныс дәрігері нашатыр спиртін қолданып көруді ұсынған. Спиртті мақтаға жағып, мұрнына тақағанымда ешқандай реакция болмады. Аузына да апарып көрдім. Сосын Бақытжанға ешқандай реакция болмағанын айтқанымда жедел-жәрдем шақыру туралы сұрады. Бірақ мен көріпкелдің сөзіне сеніп, кешке қарай оянатын шығар деп күттім. Кейін тағы бір тексеруге кіргенімде, дене температурасы өзгергенін, суи бастағанын байқадым. Бірден Бақытжанға айттым. Ол жедел-жәрдем шақырды. Жедел-жәрдем бізге жасанды тыныс алу әдістерін жасауды сұрады. Мен аузын ашайын дегенде жағы қысылып тұрғанын байқадым. Сол кезде оның жан тапсырғанын түсіндім. Сосын ас үйге барып, пышақ алып, өзімді өлтіргім келді, - дейді Қуандық Бишімбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға