Балауса Мұздыман үндістандық қарсыласын 45 секундта нокаутпен жеңді
03.06.2024 13:23
Фото:
instagram.com/muzdi___
Кәсіпқой бокста аса жеңіл салмақта төртінші жеңісіне қол жеткізген қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман үндістандық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Балауса Мұздыман кәсіпқой мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізсе, Моника Сингх кәсіпқой бокста екінші рет жеңілді. Осымен Балауса Мұздыман (3-0, 2 КО) кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін өткізді.
Жекпе-жек сегіз раундқа созылады деп күтілді, бірақ ол алғашқы 3 минутта аяқталды. Жекпе-жек басталғаннан кейін 45 секундтан кейін Балауса қарсыласына бауырдан сәтті соққы жасап, қарсыласын сұлатты.
Айта кетейік, Балауса Мұздыман 2017 жылдан бері кәсіпқой жарыстарға қатысып келеді. Бірақ бірінші жекпе-жегінен кейін алты жылдық үзіліс болған еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

