Баланы мектепке дайындау үшін қанша қаражат керек?
Оқу жылының жақындап қалғанына байланысты қазір ата-аналар балаларымен бірге жаңа оқу жылына қамдануды бастады. Биылғы мектеп формасы да бірыңғай көк түс деп бікітілді.
Нарықтағы қымбатшылық мектеп формасынан да айналып өтпеді. Қазақстанда мектеп формасының орташа бағасы 23 мың теңгені құрайды. Еліміздегі мектеп формасын тігетін тігін фабрикалардың бірімен байланысып, мектеп формасының бағасын саралап көрдік.
Бірінші сыныпқа баратын баланы мектепке дайындау үшін қанша қаражат кетеді?
Маусым айында бекітілген мектеп формасына қатысты жаңа талаптар бойынша пиджак, жилет, белдемше, шалбар, тоқылған кардиган, жейде, сарафан мен водолазка рұқсат етілді. Баланың киім дизайнын ата-анасы таңдай алады. Бірақ, бекітілген талапқа сай көк түс сақталуы керек. Бірінші сыныпқа баратын баланың киімінің бағасын есептеп көрсек.
Ер баланың киімінің бағасы
Пиджак – 15 400 теңге
Жилет – 6600 теңге
Шалбар – 7700 теңге
Галстук – 1500 теңге
Жейда – 5000 теңге
Спорттық киім – 12 000 теңге
Спорттық аяқ киім – 7500 теңге
аяқ киім – 7000 теңге
Қыз балалардың киімінің бағасы
Жакет – 15 400 теңге
Жилет – 6100 теңге
Шалбар – 7200 теңге
Белдемше – 6600 теңге
Сарафан – 13 200 теңге
Жейде – 5500 теңге
Спорттық киім – 12 000 теңге
Спорттық аяқ киім – 7000 теңге
Аяқ киім – 7500 теңге
Мектеп формасының бағасы оның дизайны, матасы мен өлшеміне қарай әр түрлі болады. Біз жоғарыда ұсынған баға орташа есеппен алғандағы қаражат. Бір баланы мектепке дайындау үшін оның костюм, шалбар, аяқ киім, спорттық киімі мен аяқ киімінің өзіне 55 мың теңге жұмсалады. Ал, екі баланың мектеп формасын сатып алуға 100 мыңнан аса теңге қажет. Бұл баланың формасынан бөлек мектеп жабдықтарын есептемегенде осындай қаражатты талап етеді.
Аталған қаражат кез келген ата-ананың қалтасына күш түсірері анық. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны үш баланың анасы Ляззат Амантай балаларымен бірге жаңа оқу жылына дайындықтыбастап кеткен. Оның айтуынша, қазіргі таңда балалардың киімі ерексектердің киімдерінің бағасымен бірдей.
«Екі жылдық карантиннен кейін жаңа оқу жылына балалардың мектеп формасын сатып алуға қамдана бастадық. Мектеп формасының бағалары өте қымбат. Тіпті, ересек адамдардың киімініңбағасынан асып түседі. Сондықтан, көбіне мата сатып алып, қолайлы бағада тапсырыспен тіктірту тиімді. Осылайша, ата-аналар қаражаттарын үнемдеп қалуға тырысады. Қазірдің өзінде мектепте оқитын үш балама 100 мыңнан аса қаражат керек. Ол менің қалтамды көтере бермейді. Нарықтағы қымбатшылықтың бағасы қатты байқалады», - дейді ата-ана.