Жаңалықтар

Балаңыз миллионер болсын десеңіз

Балаңыздың бай болуы неге байланысты?
Балаңыз миллионер болсын десеңіз
26.06.2017 09:54 37467

Балаңыздың бай болуы неге байланысты? Өмірде түрлі жағдайлар болуы мүмкін. Алайда көбіне бұл балаңыздың кішкентай күнінде алған тәрбиесіне байланысты. Егер сіз бұл мақаланы оқып отырсаңыз, онда балаңыздың бай-бақуатты болуын қалайсыз деп түсіндік. Ал ол үшін балаға қандай тәрбие беруі керек жайлы танымал психолог Шэрон Дейнстің кеңесін ұсынамыз. 

  • Әрдайым балаңызға табысты болу адамға қандай мүмкіндіктер беретіндігі жайлы айтып жүріңіз. Мысалы: «миллионер болсаң — өзің сүйіп ойнайтын футбол мектебін аша аласың» немесе «ақшаң көп болса — қалаған мемлекетті аралауға мүмкіндік аласың». Мұндай мысалдардың мыңын келтіруге болады. Бастысы балаңызға ұнайтын нәрселерді айтуға тырысыңыз және әңгімелесу барысында өзіңізді ересек адаммен сөйлесіп отырғандай ұстаңыз.

 

  • Балаңыздың бөлмесіне түрлі мотивациялық сөздер жазылған плакат жасауыңызға болады. Мысалы: «Мен сабағымды жақсы оқимын», «Мен күннен-күнге күштірек болып өсіп келемін», «Менің қолымнан бәрі келеді», «Мен тәртіпті баламын», «Менің достарым көп», «Мен табысты адам боламын»... Балаңыздың қызығушылығына байланысты бұл тізімді толықтыруыңызға болады. Бала мұндай сөздерге өте тез бейімделеді. Сенбесеңіз өзіңіз сынап көріңіз!

 

  • Балаңыздың шұғылданатын ісінде, үй тапсырмасын орындау кезінде қолынан келмей жатқан жұмысқа ғана қол ұшын беріңіз. Өзге уақытта ол барлығын өзі жасауы тиіс. Есіңізде болсын, тек қана шын мәнінде қолынан келмейтін істе ғана көмектесіңіз. Ал егер жалқаулықтан немесе басқа да себептермен жұмыстан қашқақтаған болса, көмектесуге асықпаңыз. Бұл арқылы сіз балаңызды жастайынан қиындықтарды өз күшімен жеңе білуге үйретесіз.

 

  • Балаңызды кішкентай күнінен адамдарды жақсы көруді үйретіңіз. Табыстың кілті — өзгелердің қиындықтарын шешуде екенін түсіндіріңіз. Ешқашан жолдастарымен теңемеңіз. Жаңа достарымен қуана танысыңыз.

 

  • Балаңызға ақшаны күнделікті емес, айына немесе аптасы бір рет беріңіз. Келесі рет берерде алдыңғы ақшасын қалай және неге жұмсағандығы жайлы есеп алыңыз. Егер алдыңғы ақшадан үнемдеген болса, ынталандыру ретінде үнемдеген соммасына тағы да қосып беріңіз. Бұл арқылы балаңызды жас күнінен ақша ұстауды, оны дұрыс жұмсай білуді және үнемдеуді үйретесіз.

 

Еврейлерде «Егер сен сондай ақылды болсаң, неге кедейсің?» деген сөз бар. Әрине, ақша деген қолдың кірі. Бірақ оның болмағанынан болғаны жақсы дегенге келісетін шығарсыз? Мен көрмегенді — балаларым көрсін деп жататын адамдар болады. Алайда балаңыздың табысты болып өсуі сіздің тәрбиеңізге байланысты екендігін ұмытпағайсыз. Сөз соңында, балаңызға жоба ретінде қараңыз. Бұл жобаға қаншалықты көп көңіл бөлсеңіз, жемісі де соншалық мол боларын ұмытпаңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға