©El.kz/Артем Чурсинов

Баламен пойызға міну ережесін білесіз бе

23.05.2025 11:47

Жазғы демалыстың басталуына байланысты балаларымен бірге теміржол арқылы сапар шегетін жолаушылар саны артып жатыр. Осыған орай, Ұлттық тасымалдаушы ата-аналар мен жолаушыларды балаларды пойызда тасымалдау тәртібін қатаң сақтауға шақырады.

7 жасқа дейінгі балалар

  • Ата-аналар 7 жасқа дейінгі бір баланы жеке орынсыз тегін алып жүре алады.

  • Егер балаға бөлек орын қажет болса, балалар билеті рәсімделуі тиіс.

  • Бірнеше баламен сапар шегетін ата-аналар тек бір баланы ғана тегін алып жүре алады. Қалғандары үшін балалар билеті сатып алынады.

7-15 жас аралығындағы балалар

  • Бұл жастағы балалар тек балалар билетімен сапарлай алады.

  • Мұндай билет құны — ересектер билеті бағасының 50%-ы.

15 жастан асқан балалар

  • Бұл жастағы балаларға толық құны бар ересектер билеті рәсімделеді.

  • Олар өз бетімен сапар шеге алады, бірақ қолында ата-ананың немесе заңды өкілдің нотариалды расталған жазбаша рұқсаты болуы қажет.

Ел ішіндегі сапарлардың тәртібі

  • 5 жасқа дейінгі балалар — орынсыз тегін сапарлайды.

  • 5-10 жас аралығы — арнайы балалар тарифі.

  • 10-15 жас аралығы:

Қазақстан аумағында — жолақының 50%-ы,

Шетел аумағында — толық тариф бойынша билет алынады.

Құжаттар талаптары

  • Бала ата-анасымен бірге жүрсе — туу туралы куәлік немесе төлқұжат болуы қажет.

  • Егер баланы заңды өкілі емес адам ертіп жүрсе — екі ата-ананың нотариалды куәландырылған рұқсаты талап етіледі.

Қауіпсіздік – басты назарда

Ұлттық тасымалдаушы барлық жолаушыларды қауіпсіздік ережелерін сақтауға және балалардың әрдайым ересектердің қарауында болуын қамтамасыз етуге шақырады.