Хабар телеарнасы

«Балам үшін»: ата-аналарға арналған жаңа тележоба эфирге шықты

28.03.2026 13:07

«Хабар» арнасы ата-аналарға арналған жаңа жоба - «Балам үшін» бағдарламасын ұсынады. Бұл жоба балалардың физикалық және психикалық денсаулығы туралы маңызды мәселелерді қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізеді.

Соңғы жылдары балалар арасында мазасыздық, СДВГ, аутизм, созылмалы және аутоиммундық аурулар көбейіп отыр. Сол себепті ата-аналардың сұрақтары да көп. «Балам үшін» дәл осы сұрақтарға мамандардың көмегіне сүйене отырып жауап береді.

Бағдарламада білікті дәрігерлер мен кәсіби психологтардың кеңестері, нақты мысалдар мен тәжірибелік шешімдер ұсынылады. Әр эфирде баланың денсаулығына кешенді түрде қараудың маңызы көрсетіледі: медициналық қолдау, психологиялық көмек, отбасы ішіндегі қарым-қатынас және заманауи әдістер.

Жоба ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға моральдық және ақпараттық қолдау көрсетуді мақсат етеді. Көрермен әр шығарылымнан пайдалы кеңес алып, өз балаларын дұрыс түсінуге мүмкіндік алады.

«Балам үшін» - ата-аналарға бағыт-бағдар беретін, маңызды әлеуметтік мәселелерді көтеретін жаңа жоба. 

Бағдарлама әр сенбі сайын 09:35-да «Хабар» арнасында эфирге шығады.