instagram.com/sabit_abdykalykov

«Балам қарап жатыр». Сәбит Әбдіхалықов инфаркт алғаннан кейінгі ота жайлы айтты

23.02.2024 12:03

Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов жүрегіне операция жасатып, ауруханада жатқан сәтін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сәбит Әбдіхалықовтың жанында Айгүл Иманбаевадан туған баласы Асылжан жүр. 

Жаным көзіме көрінді. 2016 жылы инфаркт алып, содан жүректе ақау бар. 5 сағатқа созылған өте күрделі ота болды. Аллаға шүкір, балам қарап жатыр, - деп жазды ол. 

Өнер иесінің жағдайын сұрап әнші Мұқасан Шахзадаев мен Мейрамбек Беспаев ауруханаға барғанын суреттерден көруге болады.

«Балам қарап жатыр». Сәбит Әбдіхалықов инфаркт алғаннан кейінгі ота жайлы айтты