© El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Балаларын терезеден лақтырған әйел мен ұлының жағдайы белгілі болды

Павлодарда балаларын терезеден лақтырған әйел мен 7 жасар баласының жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ-ке сілтеме жасап El.kz интернет порталы. 

Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, 7 жастағы бала қазіргі уақытта травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Ал баланың анасы орташа ауыр халде. Ол политравма бөліміне ауыстырылған. Қазіргі кезде дәрігерлер оны жоспарлы операцияға дайындап жатыр. 

Павлодарда 30 шілде күні әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып, артынан өзі секірген болатын. Өкінішке қарай  баланың бірі  ауруханада қайтыс болды.