Жаңалықтар

Балаларым қазақ тілін біледі - әлемге танымал қазақ нейрохирургы

Балаларым қазақ тілін біледі - әлемге танымал қазақ нейрохирургы
Фото: ©El.kz/Артем Чурсинов 11.10.2023 13:08 2143

Нұрбек Бабанұлы - Моңғолиядағы танымал нейрохирург. Ол омыртқа, жұлын жолының эндоскопиялық отасын жасаған әлемдегі екінші нейрохирург, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұланбатыр қаласындағы ірі ауруханалардың бірінде Нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі. Оңтүстік Кореяда нейрохирургия мамандығын оқып, білім алған.

Баян-Өлгейде тұратындардың 95%-ы қазақтар. Қазақ тіліне қатысты бізде мәселе жоқ. Қазақ мектептері жұмыс істеп жатыр. Өзім де сол қазақ мектебінің түлегімін. Бірақ орта моңғол тілді болғандықтан, балалар моңғолша сөйлейді. Өзім төрт бала тәрбиелеп отырмын. Балаларым қазақ тілін түсінеді. Екі балам мектепке, екі балам балабақшаға барады. Екі үлкен балам ағылшын мектебінде оқиды. Қазақша түсінгенімен, ағылшынша білім алғандықтан, ағылшынша сөйлейді. Болашақта Қазақстанға қоныс аударғым келеді, - деді ол.

Ол нейрохирургия қанында бар өнер екенін айтты.

Атамыз сынықшы болған екен. Әкем дәрігер болды. Мен дәрігерлікпен келе жатқан үшінші буынмын, - деді ол.

Оның айтуынша, 1890 жылдары Қазақстаннан Қытайға, Қытайдан Моңғолияға өткен екен.

Ол форум мәдениет, ғылым, саясат сияқты ірі салаларды қамтитын ірі қор болады деп сенетінін айтты.

Форумға келгеніне қуанышты екенін айтты.

Алғаш рет «Отандастар» қоры ұйымдастырған форумға қатысып отырмын. Моңғолиядан келдім. Өте қуаныштымын, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға