Жаңалықтар

Балалардың қауіпсіздігі: Елордалық мектептердегі жағдай қандай?

Балалардың қауіпсіздігі: Елордалық мектептердегі жағдай қандай?
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.04.2024 06:34 717

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету күнделікті қала басшылығының күн тәртібінде тұрған маңызды мәселе болып саналады. Бүгінгі таңда елорданың Балалар саны 461 750 баланы құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаланың барлық білім беру ұйымдары автоматты өрт дабылы жүйесіне қосылған, 100% цифрлық бейнебақылаумен, турникеттермен және 1 санатты лицензиясы бар күзет ұйымдарымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ барлық камералар мен дабыл түймелері ЖБО-ға қосылған.

Астана қаласы Білім басқармасы 1 км аумақта және радиуста кірме жолдар мен ашық кәріз құдықтары (люктер) мәселелері бойынша білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізді.

Ведомствоның мәліметінше, 2023-2024 оқу жылының басынан бері барлық білім беру ұйымдарында ТЖД мамандарымен бірлесіп табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде қызметкерлер мен оқушылардың іс-әрекеті бойынша 120 жаттығу өткізілді.

Оның ішінде Білім басқармасы балалардың қатысуымен болатын оқиғаларға күнделікті мониторинг жүргізуді бастады.

Аудан әкімдіктерімен аудандық ТЖБ және ПД бірлесіп, жазғы кезең басталар алдында ойын алаңдарын, спорт ғимараттарын қауіпсіздік жағынан, ашық люктер бойынша, балалардың шомылу орындарын, аттракциондарды және т. б. тексеруді жүргізетін болады. Биылғы ақпанда әкімдік прокуратура, ПД және басқа да мүдделі органдармен білім беру ұйымдарында және одан тыс жерлерде қауіпсіздік мәселелері бойынша бірлескен кеңес өткізді, - деп хабарлайды ведомстводан.

Балалардың қауіпсіздігі мәселесі қала әкімдігінің тұрақты бақылауында. Бірқатар тапсырмалар берілді:

Қала мектептері психологтарының санын 200-ге (228-ден 428-ге дейін) ұлғайту, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық қызметкерлерінің санын екі есеге арттыру.

Қорғаншылық қызметінің тиімді жұмысы үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде нашақорлықтың алдын алуға, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған қаланың білім беру ұйымдарының түлектерін интернаттан кейінгі сүйемелдеуге бағытталған іс-шаралар бойынша ҮЕҰ тарту. Сондай-ақ кәмелетке толмаған адамдардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың алдын алу, отбасылардағы қолайсыздықты ерте анықтау бойынша жұмыстар қамтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға