Балаларды тепкілеген олардың өгей әкесі болып шықты
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
22.02.2024 15:39
1070
Түркістан облысындағы ер адамның балаларды тепкілеген видеоға қатысты Білім министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте тілшілер Білім министрлігі өкілдерінен балаларды тепкілеген видео туралы сұраған еді.
Біз видеоны көрдік. Осы фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, полицейлер оны тауып, тиісті шара қолдануда, - деді ведомства өкілі.
Күдіктінің жеке басы анықталды, ол балалардың өгей әкесі болып шықты.
Полиция 22 ақпанда күдіктінің ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемнің үздік жағажайларының тізімі жасалды
Келесі жаңалық
Димаштың тыңдармандары Германияда бас қосты