Жаңалықтар

Балалар аурухана қабырғасына сурет салды

«Қазақстан жақсылық жасайды» акциясы
12.04.2016 14:47 13329

7 сәуір – дүниежүзілік денсаулық күні. Соған орай, кеше елордада «Қасиетті жол» қоғамдық қайырымдылық қорының «Қазақстан жақсылық жасайды» атты жобасы басталды.

Балалар аурухана қабырғасына сурет салды

Акцияның тұсаукесер рәсімі Астанадағы №2 қалалық балалар ауруханасында өтті. Шарада осы уақытқа дейін «Қасиетті жол» қорына қолдау білдіріп келген мейірбан азаматтар «Алғыс хаттарға» ие болды.

Балалар аурухана қабырғасына сурет салды

Балалар танымал дизайнерлермен бірге қабырғаларға түрлі-түсті суреттер салды. Олардың қатарында бүлдіршіндердің сүйікті мультфильмдері мен ертегілерінің кейіпкерлері, ағылшын тілінің әліпбиі мен әлем картасы да бар.

Балалар аурухана қабырғасына сурет салды

Ал, аурухана ішіндегі шағын алаңқайда балалар емнен бос уақытта ата-анасымен бірге демалып, көңілі қаласа, тақтаға бормен сурет сала алады.  Дәрігерлер қабырғаға салынған суреттер балалардың ауруын бір сәтке ұмыттырып, көңілдерін көтеретінін айтады.

Балалар аурухана қабырғасына сурет салды

Бүгінгі таңда Қазақстанда 13 мың 433 бала сал ауруына шалдыққан. Өткен жылы олардың 20 пайызы ғана (2621 бала) оңалту орталығында емделген екен. «Қасиетті жол» қайырымдылық қорының президенті Гүлмира Әлімова алдағы уақытта республикадағы оңалту орталықтарының санын 14-ке жеткізуді жоспарлап отырмыз» дейді.

Балалар аурухана қабырғасына сурет салды


Жансая ТӨЛЕГЕН

Суреттерді түсірген – Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға