Жаңалықтар

«Балалар пойызға отыруы керек еді». Жантүршігерлік жол апаты туралы жаңа деректер айтылды

«Балалар пойызға отыруы керек еді». Жантүршігерлік жол апаты туралы жаңа деректер айтылды
Фото: куәгерлерден 08.08.2024 18:35 14980

Ақтөбе облысында жол апатынан қаза тапқандардың арасында бес бала, полиция қызметкері және самбодан Қазақстан чемпионы бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Балалар Маңғыстау облысында жеке қайырымдылық қоры ұйымдастырған Halyk Open Cup футбол турниріне Әйтеке би ауданының Құмқұдық ауылынан Ақтөбе қаласына қарай шыққан.

Балалар вокзалдан пойызға отыруы керек еді.  Олардың қолында билеттері болды... Пойызға отыру үшін әрқайсысының ата-анасынан алынған сенімхат болды. Әр баланың ата-анасы нотариалды куәландырылған құжат берді, - деді Әйтеке би ауданының әкімі Дәулетияр Тоғызбаев.

Облыс орталығына балалар екі көлікпен шыққан. Жүк көлігімен соғысқан Toyota Ipsum-нің ішінде  4,5,6 сынып оқушылары мен үш ересек болған. Бірі  ауыл мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі екі ұлымен ажал құшты. Турнирге баруды ұйымдастырған сол мұғалім екен.

Айта кетейік, жол апатына күдікті ретінде жүк көлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша ол қарсы бетке шығып кеткен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға