Балалар омбудсмені Балқаштағы оқиға бойынша пікір білдірді
05.08.2025 19:32
Фото:
facebook/dinara.zakiyeva
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Балқашта мектеп жасындағы баланың соққыға жығылу фактісі бойынша пікір білдірді. Бұл туралы ол желі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Балалар омбудсмені соққыға жығылған баланың анасымен байланысқан.
Қарағанды облысында 9 жасар балаға қатысты жасалған зорлық әрекеттері бойынша Ішкі істер министрлігіне жүгіндім. Баланың анасымен байланыстамын, - деп жазды Динара Закиева.
Еске салсақ, бұған дейін оқушының анасы баласының аяусыз соққыға жығылғанын мәлімдеген болатын. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды. Ондағы мәліметке сүйенсек, ұлын ересек адам соққыға жығып, басынан ұрған, саусақтарын сындырған, денесін күдірген.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

