2 Маусым, 17:31

БАЛАЛАР КҮНІ 10 КҮН БОЙЫ АТАЛЫП ӨТЕДІ

Елімізде алғаш рет «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны басталды. Бұл туралы күні кеше ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтқан болатын. 

Халықаралық балаларды қорғау күнінің қарсаңында қолға алынған бастамада Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Отбасы – тәрбие бастауы!» ұранымен онкүндік басталды. Өйткені, министрдің айтуынша, бала тәрбиесінде шешуші рөл атқаратын – отбасы. Дәл осы ортада тұлғаның қабілеті дамып, болмысы қалыптасады. 

Осылайша, мерекеге дейінгі шаралар легі «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» атты науқаннан басталды. Мұнда елімізде барлық облысында балалар мен отбасыларға арналған ашық есік күндері, мерекелік қойылымдар, концерттер мен кездесулер ұйымдастырылып, бала өміріндегі отбасының рөлі айқындалды. 

Бөлісу: